
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңісті жолын жалғастырды.
Жарыстың екінші айналымында Рыбакина отандасы Юлия Путинцевамен кездесті. Қазақстандық екі теннисшінің арасындағы матч Еленаның басымдығымен өтіп, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.
Осы жеңістің арқасында Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал Юлия Путинцева Токиодағы жарысты 1/8 финалда аяқтады.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.



