Спорт Министрі | Астанада арбадағы теннистен алғашқы халықаралық турнир аяқталды
ТЕННИС

Астанада арбадағы теннистен алғашқы халықаралық турнир аяқталды

Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series санатындағы алғашқы халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарысқа АҚШ, Жапония, Аустралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Қазақстан спортшылары қатысты.

Ерлер арасындағы жекелей сында жапониялық Фудзимото Ёшинобу үздік шығып, финалда аустралиялық Мартин Даннды жеңіп чемпион атанды.

Әйелдер арасында ресейлік Виктория Львова бас жүлдені иеленді. Ол финалда Беларусь елінің өкілі Людмила Бубнованы тізе бүктірді.

Жұптық сында ерлерден Фудзимото Ёшинобу мен оңтүстіккореялық Джи Хван Ли тандемі финалда Мартин Данн — Тачи Томоя (Жапония) жұбын жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Қазақстандықтар үшін тарихи нәтиже — әйелдер арасындағы жұптық сайыста Айжан Бітімбаева мен оңтүстіккореялық Пак Чжу-Ён финалға дейін жетті. Олар тек шешуші ойында Виктория Львова — Әмина Манғұтова (Қырғызстан) жұбына есе жіберді.

Осылайша, Астанада өткен турнир арбадағы теннис тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button