Спорт Министрі | Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургтен ұтылды
ФУТБОЛ

Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургтен ұтылды

Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасының шешуші матчында Люксембургпен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың басында-ақ Қазақстан құрамасы бір ойыншысынан айырылды. 5-минутта Қазына Нұрбаева қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дегенмен команда берілмей, 15-минутта Камила Жұмабайқызы айып добын шебер орындап, есеп ашты.

Бірақ екінші таймда Люксембург футболшылары басымдықты өз қолына алып, үш голмен жауап қайтарды.

Нәтижесінде Люксембург 16 ұпаймен топта бірінші орын алып, В лигаға жолдама жеңіп алды. Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

С дивизионы, 3-топ қорытындысы:

  1. Люксембург – 16 ұпай
  2. Қазақстан – 10 ұпай
  3. Армения – 6 ұпай
  4. Лихтенштейн – 0 ұпай

Қазақстан қыздары жақсы ойын көрсетті, алайда сәл жетпей қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button