ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстанның 11 шорт-трекшісі Шанхайдағы әлем кубогында сынға түседі

Қытайдың Шанхай қаласында 27–29 қараша аралығында шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді.

Халықаралық жарысқа қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі анықталды. Ел намысын алты ер және бес әйел спортшы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

  • Глеб Ивченко;

  • Богдан Вехов;

  • Айбек Насен;

  • Айбек Темірхан;

  • Тамирлан Жолдас;

  • Әділ Ғалиахметов.

Әйелдер құрамасы:

  • Алина Әжіғалиева;

  • Анастасия Галечина;

  • Зейнеп Құмарқан;

  • Гүлдана Жалмұқан;

  • Полина Омельчук.

Шанхайдағы жарыс аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы Қытай астанасы Бейжіңге аттанады.

Бейжіңде 4–6 желтоқсан аралығында шорт-тректен әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button