БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстанның төрт жүзушісі Бейжіңдегі әлем чемпионатында бақ сынайды

Қытай астанасы Бейжіңде 1–6 желтоқсан аралығында 25 метрлік бассейнде жүзуден әлем чемпионаты өтеді.

Дүниежүзілік додада Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Ұлттық құраманың жарысқа қатысатын спортшыларының тізімі белгілі болды.

Қазақстан құрамасының сапында Ғалымжан Балабек, Ксения Игнатова, Глеб Коваленя және Әділбек Мусин өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігінің ерекшелігі – жарыстардың 50 метрлік емес, 25 метрлік бассейнде өткізілуі.

Бейжіңдегі әлем чемпионаты алты күнге созылып, 6 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button