ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Қазақстанның он дзюдошысы Ташкенттегі кадеттер Гран-приінде бақ сынайды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін кадеттер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысады. Халықаралық турнирде ел намысын он спортшы қорғайды.

Қазақстан құрамасының сапына бес ұл және бес қыз енді. Олар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындар үшін белдеседі.

Ұлдар арасындағы жарыста 55 келіге дейінгі салмақта Ернат Кеңесбек, 60 келіде Расулхан Ғабит пен Аслан Ерғалиев өнер көрсетеді. Ал 66 келіде Ерік Үсенов, 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай ел намысын қорғайды.

Қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Адия Жанахмет, 57 келіде Аружан Сәрсенова мен Інжу Жұмажан татамиге шығады. Сондай-ақ 63 келіде Әсия Сариева, 70 келіден жоғары салмақта Тоғжан Төлебай сынға түседі.

Ташкенттегі кадеттер арасындағы Гран-при кезеңі 24–25 қараша күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button