ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы Молдовадан жеңілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға есе жіберді. Сырт алаңда өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Матчтағы есеп 39-минутта ашылды. Молдова құрамасының ойыншысы Попеску мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды.

Екінші таймның басында қазақстандық футболшылар таразы басын теңестірді. 51-минутта Ислам Чесноков қарсылас қақпасына гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Алайда 77-минутта Попеску екінші мәрте мергендік танытып, Молдова құрамасына жеңіс әкелді. Осылайша, алаң иелері 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында екінші орынға таласу мүмкіндігінен айырылды.

Ұлттық команда турнирдегі соңғы кездесуін 16 қарашада Словакия құрамасына қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button