ТЕННИС
Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.
Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Данилина мен Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы — Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп — Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.