ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жеңіл атлет Нора Джеруто Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін жеңіп алды

31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.
Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.
Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.
Бірінші орынды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды.
Күміс жүлдені Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) иеленді.
Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.