Қазақстан хоккей құрамасы Чехиядан ойсырай жеңілді

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы бесінші ойынын Чехияға қарсы өткізіп, ауыр жеңіліске ұшырады.
Ойын барысында чехиялық хоккейшілер басымдықты алғашқы минуттардан-ақ өз қолдарына алды. 5-минутта Матей Странски есеп ашты. Одан кейін Якуб Флек (21-минут), Странски (32), Роман Червенка (37), Адам Клапка (41) өз командаларының пайдасына шайбалар соқты.
Қазақстан сапынан тек 47-минутта Вячеслав Колесников жауап қайырып, есепті қысқартты. Алайда бұл Чехияны тоқтата алмады. Роман Червенка тағы екі рет (53 және 55-минуттарда) мергендік танытып, хет-трик жасады. Ойынның нүктесін 59-минутта Адам Клапка қойды.
Қорытынды есеп – 8:1, Чехия құрамасының пайдасында. Бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі ең ірі жеңілістердің бірі болды.