Спорт Министрі | Юлия Путинцева Парма турнирінің ширек финалына жолдама алды
ТЕННИС

Юлия Путинцева Парма турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан WTA Challenger санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Жарыстың бірінші ракеткасы мәртебесіне ие Путинцева екінші айналымда Германия өкілі Анна-Лена Фридзаммен (WTA 299) кездесіп, екі сетте де 6:4 есебімен басым түсті.

Бәсеке бір сағат 39 минутқа созылып, отандасымыз 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың 4-еуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 2 брейкпен шектелді.

Енді Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 64-ракеткасы, мысырлық Майар Шерифпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button