ТЕННИС
Юлия Путинцева Рим турнирінің жұптық сында 1/8 финалға өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Италия астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Рим турнирінің жұптық сында келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Путинцева канадалық әріптесі Лейла Фернандеспен тандем құрып, алғашқы айналымда жапон-қытайлық жұп — Макото Ниномия мен Сюй Ифаньды 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты.
Матч бар болғаны 1 сағат 10 минутқа созылды. Қазақстандық-канадалық дуэт 6 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды. Қарсыластары 9 брейк-пойнттың төртеуінен айырылып қалды.
Келесі айналымда Путинцева мен Фернандес турнирдің 3-нөмірлі жұбы — италиялық Сара Эррани мен Ясмин Паолиниге қарсы ойнайды. Бұл матч ширек финалға берілетін жолдаманы анықтайды.