ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Ертең Алматыда «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталады

9 мамырда Алматыда ұлттық рухты ұлықтайтын айтулы дода — «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі бастау алады, деп хабарлайды Sportm.kz.
Биылғы жарыс Жеңістің 80 жылдығына арналып, ата-бабалар рухына тағзым және ерлікке бас ию идеясымен өтеді. Елін, жерін сүйген батырлардың рухын ұлықтаған бұл бәйге — тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Марафонның бағыты мен ерекшелігі:
- Өтетін мерзімі: 9–14 мамыр
- Қашықтық: 500 шақырым
- Басталу нүктесі: Бақанас көпірі (Алматы – Өскемен тас жолы)
- Мәресі: Қонаев қаласындағы «Қарлығаш» шағын ауданы
- Қатысушылар:
- 13 отандық команда
- 7 шетелдік команда (Ресей, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Иран, Қырғызстан және т.б.)
Бұл бәйге үздік жылқы тұқымын анықтаумен қатар, шабандоздардың шыдамдылығын, төзімін және шеберлігін сынайды.
Жарыс аясында этноауылдар, фотозоналар, интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, шетелдік қонақтарға қазақ мәдениеті мен рухын танытатын кеңістік ұсынылады.
«Ұлы дала жорығы» – жай ғана бәйге емес, ол халықтар достығы мен тарихи жадыны жаңғыртатын мәдени алаң ретінде дәстүрге айналып келеді.