ФУТБОЛ
Легионерсіз «Қайсар» алғашқы ұпайға қол жеткізді

Елімізде футболдан Қазақстан Жоғарғы Лигасы басталды.
Ішкі біріншілікке қатысатын 14 команда арасында жалғыз қызылордалық «Қайсар» ғана қатарына шетелдік ойыншыларды қоспады. Осылайша алғашқы мачта 11 қазақ баласы жасыл алаңға шықты. «Қайсар» бірінші турда өз алаңында елордалық «Жеңіс» клубын қабылдаған болатын. Матч 0:0 есебмен аяқталды.
Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты аясында «Астана» мен «Қайрат», «Қызылжар» мен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» де тең түсіп, бір-бір ұпайдан алды. Бұған қоса, «Атырау» «Елімайды» 2:1 есебімен, «Тобыл» «Ұлытауды» 2:0 есебімен, ал, «Тұран» «Оқжетпесті» 2:0 есебімен жеңді. Қазақстан Жоғарғы лигасының екінші тур ойындары 8-9 наурыз күндері өтеді.



