
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жарыс басталды. Қазақстандық спортшылар семсерлесуден алдын ала кезеңде өнер көрсетті.
Ұлттық құрама сапындағы үздік нәтижені Темірлан Абдраимов тіркеді. Ол 36 қатысушы арасындағы 35 жекпе-жектің 27-сінде жеңіске жетіп, сегіз рет жеңілді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды 31 жеңіспен Оңтүстік Корея өкілі Со Чан Ван иеленді.
Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Кирилл Стадник 21 жеңіс және 14 жеңіліспен 10-орын алды. Лев Чувашов 20 жеңіс, 15 жеңіліс көрсеткішімен 14-орынға жайғасты. Дәл осындай нәтиже көрсеткен Тихон Варёхин 15-орын иеленді.
Семсерлесудегі алдын ала кезеңнің нәтижелері спортшылардың келесі кезеңдердегі бастапқы орындарын анықтауға әсер етеді.
Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал 18 қыркүйекте өтеді.



