ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық төрт таеквондошы Германиядағы German Open турниріне қатысады

Германияның Гамбург қаласында 19–20 қыркүйек күндері таеквондодан German Open G1 халықаралық турнирі өтеді. Аталған жарыста Қазақстан құрамасының төрт спортшысы бақ сынайды.

Ерлер арасында Марғұлан Маратұлы 58 келіге дейінгі салмақта, Батый Абдулхамит 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды.

Әйелдер бәсекесінде Нодира Ахмедова 54 келіге дейінгі, ал Аида Тәукенова 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Халықаралық турнир екі күнге созылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button