Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді
ФУТБОЛ

Қазақстан құрамасы Солтүстік Кореядан жеңілді

 Қос елдің футболшылары жолдастық кездесу өткізген болатын.

Матч Түркияның Белек қаласында ұйымдастырылды. Тараптар шамамен тең дәрежеде ойнады және алғашқы гол тек 70-ші минутта соғылды. Солтүстік Корея сапындағы Ри Иль Сон қазақстандық қорғаушының қателігін ұтымды пайдаланды. Ал, матч соңындағы қосымша уақытта дәл осы футболшы екінші рет мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Қорытынды есеп: 2:0.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар қазір Түркияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оның аясында бұған дейін ташкенттік «Локомотив» клубымен де жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Енді бір айдан кейін ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысады. Яғни, 22-ші наурызда сырт алаңда Уэльс командасымен жолығады. Ал, 25-ші наурызда тағы да сырт алаңда Лихтенштейн құрамасымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button