Спорт Министрі | Қазақ баласына Еуропа клубтары қызығып отыр
ФУТБОЛ

Қазақ баласына Еуропа клубтары қызығып отыр

Футболдан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қысқы трансфер кезінде команда ауыстыруы мүмкін.

22 жастағы жерлесімізге Испания екінші дивизионындағы және Словакия чемпионатындағы клубтар қызығушылық танытқан. Қазіргі таңда тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Қызығы сол, футболшының өзі Испанияға барғысы келеді. Ал словакиялық клуб барынша тиімді ұсыныс жасап отыр. Ғалымжан негізі «Қайрат» футбол мектебінің түлегі. Алматылық командада 2024 жылдың тамызына дейін ойнады. Бертін келе «Жеңіс» және «Мақталар» сапында да доп тепді. Ал, қазір Кипрдің «Акритас» командасында ойнап жүр. Биылғы маусымда 13 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button