Спорт Министрі | Ардагерлер мен жастардың жолдастық кездесуі
ФУТБОЛ

Ардагерлер мен жастардың жолдастық кездесуі

Астана қаласының спорт басқармасы жыл соңында ерекше форматтағы матч өткізді.

Оның аясында отандық футболдың дамуына үлес қосып, әр жылдары ұлттық құрамада ойнаған аға буын аяқдопшыларды жасыл алаңға шақырып, жолдастық кездесу ұйымдастырды. Қонақтар қатарында Давид Лоpия, Константин Котов, Антон Чичулин сияқты майталмандар бар. Ал, оларға қарсы Василий Левит бастаған осы спорт басқармасында қызмет ететін жас мамандар ойнады.

Тартысты өткен кездесу 3:3 есебмен аяқталды. Жолдастық кездесуден кейін ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, ерекше құрмет көрсетілді.

«Біз бұған дейін де осындай форматта ойнағанбыз. Жыл сайын ұйымдастыру жоспарда бар. Өйткені, футбол ардагерлерінің рөлі ерекше. Олармен тығыз қарым-қатынаста болып, ақыл-кеңес сұрап тұрамыз. Тәжрибе алмасамыз. Биыл жаңа жылдың қарсаңында осындай сый-құрмет көрсеттік» — деді №8 спорт мектебінің директоры  Еркебұлан Жомарт.

Алдағы уақытта  да осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізіп, тәжірибе алмасуға көбірек көңіл бөлеміз дейді мамандар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button