Спорт Министрі | Қазақстан мен Армения тең түсті
ФУТБОЛ

Қазақстан мен Армения тең түсті

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі жалғасып жатыр және оның аясында ұлттық құрамамыз кезекті кзедесуін өткізді.

 Нақтырақ айтқанда, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамамын қабылдаған болатын. Рикардо Кака баптайтын жігіттер айқын фаворит болғанымен, жеңіске жете алмады. Матч барысында Қазақстан сапынан Шыңғыс Есенаманов, Азат Валиулин және Дуглас Джуниор мергендігімен көзге түсті. Дуглас дубльдің авторы атанды. Ал, Армерия аяқдопшылары қарымта 4 гол соғып, тоблодағы нәтижені теңестірді. Қорытынды есеп 4:4.

Спорт Министрі | Қазақстан мен Армения тең түсті

Осылайша 2 мачтан кейін Қазақстан мен Армения 4 ұпайдан жинап, өз тобының бірінші және екінші сатыларына жайғасты. Бұған қоса, бұл топта Албания мен Дания бар. Албания 3 ұпаймен 3-ші сатыда тұр. Ал, Данияда әзірге ұпай жоқ. Айта кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионатына әр топтың жеңімпазы ғана жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button