Ұлттық спорттар мәртебесі заңмен бекітіледі

Ұлттық спорт түрлері жоғары жетістіктер спорттары қатарына қосылады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов мәлімдеді.
Халық қалаулысы Парламентте қаралып жатқан дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасына осындай норма ұсынғандарын және ол жұмыс тобы өкілдері тарапынан қолдау тапқанын алға тартты. Яғни, бұдан былай тек олимпиадалық, паралимпиаладық және сурдоолимпиадалық спорт түрлері ғана емес, ұлттық спорттарға да ерекше мәртебе беріліп, бөлек көңіл бөлінеді.
«Ұлттық спорттарымыз олимпиадалық спорттар қатарына жатпағаннан кейін сырып тасауға болмайды. Осы мақсатта біз арнайы ұсыныс беріп, жоғары жетістіктер спорттары қатарына қосуды сұрадық. Ол қабылданды. Енді мемлекет тарапынан ұлттық спорттарға көңіл бөлінеді. Әсіресе, осы заң ждобасы аясында әртүрлі бастамалар арқылы үнемделген қарды осы жаққа бөлінеді деген үміттеміз» — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов.
Бұндай тәжірибе өзге елдерде бар. Сәйкесінше, оны норманың арқасында ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерге нүкте қойылады деген үмітте. Өйткені, бұған дейін аталмыш бағыттарға аса назар аударылмайтын және қажыландыру деңгейі де өте төмен болатын.