Спорт Министрі |
ФУТБОЛ

«Қайрат» франциялық «Этуаль» командасын ұтты

Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы басталды. Элиталық кезеңде Қазақстанның екі клубы өнер көрсетіп жатыр.

Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы басталды. Элиталық кезеңде Қазақстанның екі клубы өнер көрсетіп жатыр. Алматының «Қайраты» алғашқы мачта  франциялық «Этуаль» командасымен жолығып, 4:2 есебімен басым түсті.  «В» тобында «Қайрат» пен «Этуальдан» бөлек, Хорватияның «Олмиссум» және «Динамо» командалары бар. «Қайрат» бүгін «Олмиссумпен», араға бірер күн салып «Динамомен» кездеседі. Бұл топтың ойындары Загреб қаласында өтіп жатыр.

Ал, «Семей» командасы «Д» тобында ойнайды. Олар алғашқы мачта испаниялық «Пальмадан» ұтылды. Матч 1:4 есебімен аяқталды. Абай облысының ұжымы енді польшаның «Рекордымен» және словакияның «Мимел Лученец» командасымен ойнайды. Д тобының матчтары Испанияның Мальорка қаласында өтеді.

Финалдық кезеңге әр топтың жеңімпаздары ғана жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button