Алматыда хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Азия үздіктері Алматыға жиналды. Бұнда шайбалы хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Алматы қаласы алғаш рет құрлықық доданы қабылағалы тұр. Халықаралық хоккей федерациясының күнтізбесіндегі жарысқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады. Байрақты бәсекенің өзі 6-шы және 9-шы қараша күндері Halyk Arena мұз сарайында болады.
Олег Болякин баптайтын ұлттық құрама жігіттері қазір жарыс алдындағы соңғы дайындқыты пысқытап жатыр. Қазақстан командасы жалпы есепте бірінші орын алуды көздейді. Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты қатысушы командалар үшін алдағы жылдың ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқа Азия ойындарына негізгі дайындық болып есептеледі.
«Жарыс өте тартысты өтеді деп ойлаймын. Әсіресе, Жапония құрамасы басты қарсыласымыз болады. Біз Азия чемпионаты алдындағы жаттығу жиынын Астанада өткіздік. Бірер күн бұрын ғана Алматыға жеттік. Командадағы көңіл-күй жақсы. Жігіттер жауапкершілікті түсінеді. Ел үмітін ақтауға тырысады. Бұл жолы команданы жастардан жасақтадық. Яғни, соларға көбірек басымдық береміз» — деді шайбалы хоккейден ұлттық құраманың бас бапкері Олег Болякин.