ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Артур Смағұлов Эстониядағы халықаралық турнирде 13-орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстонияның Таллин қаласында өткен Tallinn Trophy 2026 халықаралық турниріндегі өнерін аяқтады.

Challenger сериясы аясында ұйымдастырылған жарыста Смағұлов екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 170,60 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 61,09 ұпай иеленген еді. Ал еркін бағдарламада 109,51 ұпай жинап, 13-нәтиже көрсетті. Осылайша, жалпы есепте де 13-орынды қанағат тұтты.

Турнирдің жеңімпазы Италия өкілі Габриэле Франджипани атанды. Ол екі бағдарламаның қорытындысында 215,19 ұпай жинады.

Күміс медаль канадалық Энтони Парадиге бұйырды. Оның нәтижесі – 214,33 ұпай. Ал Оңтүстік Корея спортшысы Хенгем Ким 213,24 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button