ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қазақстан Түркістандағы триатлоннан Азия кубогы кезеңіне қатысатын құраманы жариялады

8 тамызда Түркістан қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтеді. Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың алдын ала өтініміне Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова, Темірлан Теміров, Его Крупяков, Арлан Жаңабай, Максим Шмулич, Дарын Қонысбаев, Елмұрат Қанай, Әлінаби Маралбеков, Владислав Кельгин, Илья Крупяков, Аида Ким, Арина Шульгина, Рамина Ағабаева және Вероника Иванюк енгізілді.

Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогының кезеңінде жекелей жарыстарда ел намысын қорғап, халықаралық рейтинг үшін маңызды ұпайлар сарапқа салынатын додада бақ сынайды.

Айта кетейік, триатлоннан Азия кубогының Түркістандағы кезеңі 8 тамызда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button