Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

22–24 шілде аралығында Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады. Ел біріншілігі 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.
Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Үш күн бойы ерлер мен әйелдер арасында 48 жеке бағдарлама бойынша, сондай-ақ 4×100 және 4×400 метрлік аралас эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.
Жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші жеңіл атлеттері қатысады. Олардың қатарында Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мұхитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да спортшылар бар.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мәліметінше, ел чемпионатының қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың құрамы жасақталады.
Айта кетейік, жүгіру және секіру бағдарламалары Қазақ ұлттық спорт университетінің стадионында өтсе, лақтыру түрлерінен жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ұйымдастырылады.



