ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталады

30 маусымда Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир басталады.

Qosanov Memorial жарысы World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясының ресми күнтізбесіне енген және халықаралық жеңіл атлетика маусымындағы маңызды турнирлердің бірі саналады.

Биылғы бәсекеге Қазақстанды қоса алғанда 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс жолына ұлттық құрамалардың көшбасшылары мен халықаралық деңгейдегі атлеттер шығады.

Турнир бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және төрт эстафеталық жарыс енгізілген. Спортшылар екі күн бойы жүлделер мен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, халықаралық турнир 1 шілдеде аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button