БАСҚАЛАРЫ

Дәулеткелді Жаңбырбай Әлем кубогы кезеңін үздік 15 спортшы қатарында аяқтады

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық спортшылар жекелей жарыстардағы өнерлерін аяқтады.

Классикалық садақ атудан Қазақстан құрамасының ең үздік нәтижесін Дәулеткелді Жаңбырбай көрсетті. Ол турнир қорытындысы бойынша 13-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ Медина Мұрат 43-орын алды. Ерлер арасында Ильфат Абдуллин 57-сатыға жайғасса, Дастан Кәрімов 74-орынға, Иван Берча 75-орынға ие болды. Әйелдер арасындағы жарыста Александра Землянова 70-орыннан көрінсе, Самира Жұмағұлова 73-орынды, Диана Тұрсынбек 81-орынды иеленді.

Блокты садақ атудан қазақстандық спортшылар арасында ең жоғары нәтижені Диана Юнусова тіркеді. Ол жарысты 17-орынмен аяқтады. Мұса Ділмұхамет 23-орынға, Виктория Лян 27-орынға тұрақтады. Сонымен қатар Адель Жексенбинова 41-орын, Роксана Юнусова 48-орын, Ақбаралы Қарабаев 55-орын, Андрей Тютюн 56-орын және Бунед Мирзаметов 57-орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін аралас командалар арасындағы блокты садақ ату сайысында Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев алтыншы орынға ие болған еді.

Сондай-ақ әйелдер арасындағы командалық жарыста Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орын алса, ерлер құрамасындағы Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн үздік ондыққа еніп, жарысты оныншы орынмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button