Қазақстан құрамасы қазіргі бессайыстан Әлем кубогы кезеңіндегі жарысын бастады

Мажарстанның Будапешт қаласында қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары да бақ сынауда.
Ел намысын ерлер арасында Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Әбдірайымов және Константин Сычев қорғаса, әйелдер арасында Полина Андреева мен Диана Щедрова өнер көрсетуде.
Жарыс бағдарламасы аясында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар жартылай финалға жолдама ала алмады.
Алдағы күндері ерлер арасындағы іріктеу жарыстары өтеді. Қазақстандық бессайысшылар жарыстың келесі кезеңіне шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Әлем кубогы қазіргі бессайыстан халықаралық маусымдағы ең маңызды жарыстардың бірі саналады және оған әлемнің жетекші спортшылары қатысуда.



