БАСҚАЛАРЫ
Щучьеде велоспорттан тасжолдағы Қазақстан чемпионаты өтеді

Ақмола облысының Щучье қаласында велоспорттан тасжолдағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылады.
Ел біріншілігінде ересектер, жастар және жасөспірімдер санатындағы спортшылар бақ сынап, маусымның басты ұлттық жарысында чемпиондық атақ үшін таласады.
Жарыс бағдарламасына жекелей жарыс, топтық жарыс және командалық сайыстар енгізілген. Әр санат бойынша Қазақстанның үздік велошабандоздары анықталады.
Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысып, республикалық деңгейдегі басты жүлделерді сарапқа салады.
Айта кетейік, тасжолдағы Қазақстан чемпионаты 19-28 маусым аралығында өтеді.



