БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасының семсерлесуден Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

Халықаралық семсерлесу федерациясы Үндістанның Дели қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының 22 спортшысы ел намысын қорғайды.

Шпага сайысында ерлер арасында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский және Кирилл Проходов өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина жарыс жолына шығады.

Сабля бағдарламасы бойынша Қазақстан құрамасының сапына Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек және Анастасия Гулик енді.

Ал рапира сайысында Тамирлан Қалиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, София Актаева, Алёна Гноева және Алина Искандерова Қазақстан атынан бақ сынайды.

Азия чемпионаты 19-24 маусым аралығында Дели қаласында өтеді. Құрлықтық додада спортшылар жекелей және командалық жарыстарда медальдар үшін таласады.

Айта кетейік, жарияланған құрам алдын ала сипатқа ие және чемпионат басталғанға дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button