БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын мергендері анықталды

Германияның Зуль қаласында нысана көздеу және стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының 26 спортшысы ел намысын қорғайды.

Халықаралық федерация жариялаған тізімге сәйкес, нысана көздеу сайыстарында Томирис Аманова, Анастасия Григорьева, Ринат Казаченко, Дмитрий Ким, Алиса Краденова, Олег Носков, Алина Сатпаева, Малика Сейл, Даниил Смирнов, Кирилл Цуканов, Тамерлан Ердембек, Рамазан Ынтықбай және Асылым Жақия өнер көрсетеді.

Ал стенд атудан Қазақстан құрамасының сапында Асылхан Айсалбаев, Мадихан Байжанұлы, Лидия Башарова, Мария Горун, Виктор Горун, Элеонора Ибрагимова, Денис Кривенко, Милана Папчихина, Максим Почивалов, Артём Ревков, Эвелина Шек, Ангелина Сорокина және Данил Стрельцов жарыс жолына шығады.

Зуль қаласында өтетін әлем чемпионаты 16-26 маусым аралығында ұйымдастырылады. Жасөспірімдер арасындағы басты халықаралық жарыста әлемнің үздік жас мергендері өзара мықтыны анықтайды. Қазақстандық спортшылар да жүлделі орындар мен жоғары нәтижелер үшін күресетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button