БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық садақшылар Словениядағы Veronica’s Cup турнирінде жарысты бастады

Словенияның Камник қаласында садақ атудан дәстүрлі Veronica’s Cup халықаралық турнирі басталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сегіз спортшысы өнер көрсетуде.

Ұлттық құрама сапында классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова бақ сынаса, блоктық садақ ату бойынша Виктория Лян, Әдель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев және Мұса Ділмұхамет ел намысын қорғап жатыр.

Турнирдің алғашқы кезеңінде спортшылар іріктеу сынынан өтті. Енді қазақстандық мергендер жекелей және командалық жарыстардың плей-офф кезеңінде медаль үшін таласады.

Айта кетейік, Veronica’s Cup халықаралық турнирі әлемнің көптеген жетекші садақшыларын жинайтын дәстүрлі жарыстардың бірі саналады. Биылғы дода 31 мамыр күні мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button