БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Испанияның Понтеведра қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының спортшылары да бақ сынайды.
Халықаралық турнирге қатысатын ұлттық құраманың құрамы төмендегідей:
- Ясмина Исламова
- Арина Пушкина
- Даяна Джаманчалова
- Мақпал Қалмұрза
- Полина Мерзлякова
- Наргиза Болатова
- Ясмин Туякова
- Виктор Друзин
- Алдияр Рамазанов
- Артур Майданов
- Айғаным Саим
- София Ищенко
- Әйгерім Құрманғалиева
- Ксения Макарова
- Анна Павлецова
- Валерия Столбунова
- Анастасия Воронкова
- Жаклин Якимова
Айта кетейік, Әлем кубогының төртінші кезеңі 29–31 мамыр аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жарыстың жеке, жұптық және командалық бағдарламаларында өнер көрсетеді. Бұған дейін ұлттық құрама маусымның алдыңғы кезеңдерінде бірнеше жүлде жеңіп алып, халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен болатын.



