ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Елизавета Матвеева Кипрдегі халықаралық турнирге қатысады

29 мамырда Кипрдің Лимасол қаласында жеңіл атлетикадан EKO Cyprus International Athletics Meeting халықаралық турнирі өтеді.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының атынан Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.
Отандасымыз әйелдер арасындағы биіктікке секіру бағдарламасында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұған дейін Елизавета Матвеева Қытайда өткен секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.



