БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан ҰОК Грекиядағы Халықаралық Олимпиадалық академия сессиясына қатысты

Грекияның Ежелгі Олимпия қаласында Халықаралық Олимпиадалық академия ұйымдастырған Ұлттық Олимпиадалық академиялар мен Ұлттық Олимпиадалық комитеттер өкілдеріне арналған XIX халықаралық сессия өтті.

Аталған жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Спорт департаментінің жетекші менеджері Айым Жетібаева қатысты.

Биылғы сессияның негізгі тақырыптары ретінде спорттағы инклюзияны дамыту, адалдық пен жауапкершілік қағидаларын нығайту, білім беру жүйесін жетілдіру, тиімді басқару және спортшыларды қорғау тетіктерін дамыту мәселелері қарастырылды.

Бағдарлама аясында халықаралық сарапшылар дәріс оқып, қатысушылар тақырыптық пікірталастарға, топтық жұмыстарға және олимпиадалық білім беру мен олимпиадалық құндылықтарды насихаттауға арналған тәжірибе алмасу кездесулеріне қатысты.

Сессия барысында қатысушылар бірнеше жұмыс тобына бөлінді. Айым Жетібаева safeguarding және safe sport бағыттары бойынша міндетті оқыту мен аккредитация жүйесін енгізу мәселелерімен айналысқан топ құрамында жұмыс істеді.

Жұмыс қорытындысында Қазақстан өкілі халықаралық сессия қатысушыларына талқылау нәтижелерін таныстырып, қауіпсіз спорт мәдениетін дамытуға және спортшыларды қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Айта кетейік, мұндай халықаралық сессиялар Ұлттық Олимпиадалық комитеттер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, олимпиадалық білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button