БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысады

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін көркем гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.

Құрлық біріншілігінде жекелей сында Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Ал топтық жаттығулар бағдарламасында Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 23-26 мамыр аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button