БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогына қатысады

Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) Германияның Мюнхен қаласында өтетін нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы аталған жарысқа 15 спортшымен қатысады.
Ұлттық құрама сапында:
- Никита Чирюкин
- Кирилл Федкин
- Елдар Иманқұлов
- Артемий Кабаков
- Константин Малиновский
- Валерий Рахымжан
- Ислам Сәтпаев
- Никита Шахторин
- Руслан Юнусметов
- Сәуле Әлімбек
- Елизавета Безрукова
- Арина Малиновская
- Валерия Попелова
- София Шульженко
- Нина Старова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 24-31 мамыр аралығында өтеді.



