БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық гимнастар Словениядағы Challenge Cup кезеңіне қатысады

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысатын құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде төрт гимнастпен өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама сапында:
- Нариман Курбанов — ат снарядындағы жаттығулар
- Нуртан Идрисов — ат снарядындағы жаттығулар
- Асан Сәлімов — еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық және кермедегі жаттығулар
- Роман Маменов — еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар
Айта кетейік, Словениядағы Challenge Cup кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.



