ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Қазақстан құрамасы триатлоннан Қытайдағы Азия кубогында бақ сынайды

Халықаралық триатлон федерациясы (World Triathlon) Қытайдың Ляньюньган қаласында өтетін Азия кубогына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының сапына төрт спортшы енді.

Құрлықтық додада ел намысын:

  • Аян Бейсенбаев
  • Темірлан Теміров
  • Максим Шмулич
  • Арлан Жанабай қорғайды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жарысқа жалпы саны 70 спортшы қатысады.

Азия кубогы 23 мамыр күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button