ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Азия чемпионатында бес қазақстандық жеңіл атлет өнер көрсетеді

Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы атынан бес спортшы бақ сынайды:
- Надежда Дубовицкая — биіктікке секіру
- Елизавета Матвеева — биіктікке секіру
- Анастасия Рыпакова — ұзындыққа секіру
- Мария Ефремова — үш қарғып секіру
- Полина Иванова — сырықпен секіру
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова сынға түседі.



