БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан садақшылары Әлем кубогында қола жүлде үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінде финалдық кезеңге жолдама алды.
Блоктық садақ атудан аралас командалар жарысында Виктория Лян мен Мұса Ділмұхамет қола медаль үшін сынға түседі.
Қазақстандық жұп жартылай финалға дейін жеткенімен, бұл кезеңде Түркия құрамасына 156:157 есебімен есе жіберді.
Енді 9 мамыр күні өтетін қола жүлде үшін матчта отандастарымыз Эстония құрамасына қарсы шығады.
Айта кетейік, турнир барысында Қазақстан құрамасы Сингапур, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания командаларын жеңген еді.



