БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы ескек есуден Әлем кубогы кезеңіне қатысады

8 мамыр күні Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады.

Беделді халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Ұлттық команда сапында тәжірибелі және жас спортшылар бар.

Байдаркамен есу құрамасы:
Бекарыс Раматулла, Игорь Ряшенцев, Сергей Токарницкий, Дмитрий Холмогоров, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева.

Каноэмен есу құрамасы:
Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Руфина Искакова, Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева, Полат Түребеков.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінде Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу барысында маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Турнир 10 мамырда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button