БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан жағажайдағы Азия ойындарын жеңіспен бастады

22 сәуір күні Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарындағы алғашқы жарысын өткізді.
Жарыс аясында еліміздің әйелдер құрамасы су добынан додаға қосылды. Алғашқы матчта қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасына қарсы ойнады. Негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы басым түсіп, турнирді жеңіспен бастады.
Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.



