БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан рапирашылары Ыстамбұлдағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Түркияның Ыстамбұл қаласында рапирамен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) алдағы турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы атынан бұл додада бес рапирашы өнер көрсетеді. Құрамға София Актаева, Ғалым Нұрымов, Алина Ескендірова, Тамирлан Калиев және Никита Пономарев енгізілді.

Айта кетейік, жарыс 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button