БАСҚАЛАРЫ

Түркістанда садақ атудан Қазақстан кубогының кезеңі өтіп жатыр

Түркістан қаласында садақ атудан Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталды.

Жарысқа еліміздің 12 өңірінен 250-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында ұлттық құраманың жетекші мергендері де бар.

Турнир аясында жүлделер ересектер арасында да, жасөспірімдер санатында да сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейін садақ атудан өткен Азия кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button