БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогында өнер көрсетті

Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Никита Чирюкин көрсетті. Ол 25 метрден пневматикалық тапаншамен жылдам атудан бесінші орынға ие болды.

Сондай-ақ финалдық кезеңге Валерий Рахымжан мен Никита Шахторин жолдама алды.

Валерий Рахымжан 10 метрден тапаншамен атудан сегізінші орынға тұрақтаса, Никита Шахторин 50 метрден мылтықпен үш қалыпта ату сайысында сегізінші нәтиже көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button