БАСҚАЛАРЫ
Валерий Рахымжан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды.
Шешуші кезең қорытындысы бойынша отандасымыз сегізінші орынға тұрақтап, турнирдің үздік ондығына енді.
Алтын медальді қытайлық Бу Шуайхан жеңіп алды. Күміс жүлде ресейлік Антон Аристарховтың еншісінде қалса, қола медаль түркиялық Бугра Селимзадеге бұйырды.



