БАСҚАЛАРЫ
Көркем гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы Ташкенттегі кезеңге қатысады

Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Бұл додада Қазақстан құрамасы жекелей және топтық бағдарламаларда өнер көрсетеді.
Жекелей сында Диана Сәрсембаева мен Дария Күшербаева ел намысын қорғайды.
Топтық жаттығуларда Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының бұл кезеңі 10 сәуірде басталады.



