БОКС

Жақпеков Азия чемпионатындағы жарысын аяқтады

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіліп, турнирмен қоштасты.

80 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда ол әлем чемпионы, өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоев қарсыласымен кездесті. Алғашқы раундта қазақстандық басымдық танытқанымен, кейінгі екі раундта қарсыласы есепті өз пайдасына шешті.

Осылайша, Жақпеков жарыс жолын тоқтатты.

Айта кетейік, бүгін 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай рингке шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button